Астанада ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «INFORMATICS-ASIA»халықаралық компьютерлік жобалар байқауы өтті

🔖Семей “БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ” лицейінің 10-сынып
оқушылары Нұрмұқашев Еркебұлан мен Серікқалиев
Нұрасыл жүлделі 🥉3 дәрежелі дипломмен марапатталды.

🔵Байқаудың негізгі мақсаты:
▫️IT саласында ғылыми зерттеушілікке қызығушылық
танытатын дарынды жастарды анықтау, қолдау және
дамыту;

▫️IT саласын дамытудың тиімді құралы ретінде дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеу әрекетіне негізделген жаңа жобаларды әзірлеу;

▫️Әртүрлі елдерден оқушылар мен мұғалімдерді тарту
арқылы халықаралық ынтымақтастықты нығайту және
шығармашылық тәжірибе алмасу.

🔻Байқау ұйымдастырушылары: ҚР ОАМ «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы және «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры болып табылады