«Ата заң - Тәуелсіздігіміздің айғағы»: эссе байқауы

📌«Ата заң - Тәуелсіздігіміздің айғағы»: эссе байқауы

21 мамыр күні Абай кітапханасында ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата заң - Тәуелсіздігіміздің айғағы» атты облыстық эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты - жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың Ата заңға деген құрметін қалыптастыру және патриоттық сезімін ояту. Сайысқа Абай облысынан қала және аудан оқушылары қатысты.

🏆Байқау қорытындысы бойынша Аягөз ауданы «№1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-ның 9-сынып оқушысы Қабдолла Ерсайын I орынды қанжығасына байлады. Мақаншы ауданы «А.Байтұрсынұлы атындағы орта мектеп» КММ-ның 10-сынып оқушысы Жакупова Дания II орынды иеленсе, Үржар ауданы «Қ.Игенбайұлы атындағы мектеп-бақшасы» КММ-ның 10-сынып оқушысы Есболқызы Таңнұр III орынға жайғасты.

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталып, сайысқа қатысушы барлық оқушыларға қатысқаны үшін сертификаттар мен кітап сыйға тартылды.

Жеңімпаздарды құттықтаймыз!👏🏻