АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ

📌 Олимпиаданың мақсаты — ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларының дарыны мен қабілеттерін анықтау және оларға қолдау білдіру.

📖Интеллектуалды сайыс үш кезең бойынша өткізіледі: бірінші кезең (бастапқы) – қараша айында; екінші кезең (іріктеу) – желтоқсан айында; үшінші кезең (республикалық) – 2024 оқу жылының қаңтар айында.

✅Абай облысы бойынша олимпиадаға 2 мыңнан аса оқушы қатысады. Олар 13 пән бойынша (жаратылыстану–математикалық бағыттағы 6 пән, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 7 пән) білімдерін сынайды.

✅Республикалық III кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады. Қатысушылардың жалпы санының 45%-нан құралатын жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Олар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен марапатталады. I дәрежелі диплом иегерлері 2024 жылғы ақпан айында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне дайындау мақсатында өткізілетін оқу-жаттығу жиындарына шақырылады.

Республикалық олимпиада осы жылдың қараша және 2024 жылғы қаңтар айлары аралығында алғаш рет өткізіледі.