
AUYL SPORT–2025 баскетбол турнирі өтті
AUYL SPORT–2025
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2025 жылға арналған күнтізбелік жоспарына сәйкес ауыл балалары арасында 6-9 қазан аралығында Семей қаласы, Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономика колледжі базасында баскетбол турнирі өтті 🏀🇰🇿
✨ Жарысқа 144-тен астам бала, 12 команда (6 ұлдар, 6 қыздар) қатысты.
📍 Облыстық іріктеуге 16 команда аудан-аймақтардан келіп, өз шеберліктерін ортаға салды.
🏆 Жарыс нәтижелері:
👦 Ұлдар арасында:
🥇 1 орын — Үржар ауданы
🥈 2 орын — Жаңасемей ауданы
🥉 3 орын — Бородулиха ауданы
👧 Қыздар арасында:
🥇 1 орын — Бородулиха ауданы
🥈 2 орын — Новобаженова ауылы
🥉 3 орын — Шүлбі кенті
Барлық жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен грамоталар табысталды! 🎖🎉
💬 Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендер мен жанкүйерлердің қолдауымен нағыз спорт мерекесіне айналды! Бұл – жас баскетболшылар үшін өздерін көрсетуге, тәжірибе жинауға үлкен мүмкіндік болды. 🙌
👨⚖ Төрешілік: Абай облысы баскетбол федерациясы
💪 Қолдау көрсеткен ұйымдар:
– Қазақстан халық қайырымдылық қоры
– Дене шынықтыру және спорт басқармасы
– «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК.