
«AUYL SPORT-2025» өңірлік ауыл балалары арасында үстел теннисінен облыстық іріктеу турнирі өтті
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2025 жылға арналған халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 6-9 қазан аралығында «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебі» мемлекеттік мекемесі спорт залында «AUYL SPORT-2025» өңірлік ауыл балалары арасында үстел теннисінен облыстық іріктеу турнирі өтті.
🏓Жарысқа Абай облысының аудандары мен ауылдары қатысты.
📌Турнир нәтижесінде:
2011 жыл Ұлдар арасында:
1 орын – Жанахметов Әлижан (Ақсуат ауданы)
2 орын – Еркебұлан Әкежан (Мақаншы ауданы)
3 орын - Аманшелді Тамерлан (Жарма ауданы)
2015 жыл Ұлдар арасында
1 орын – Жанахметов Мансұр (Ақсуат ауданы)
2 орын – Серікболсын Нұртөре (Аягөз ауданы)
3 орын – Ақылбек Бекболат (Жарма ауданы)
2011 жыл Қыздар арасында
1 орын – Сейітқазы Ақерке (Жарма ауданы)
2 орын – Аңсаған Айдана (Ақсуат ауданы)
3 орын – Саматова Аяла (Жаңасемей ауданы)
2015 жыл Қыздар арасында
1 орын – Қайырбек Арай (Аягөз ауданы)
2 орын – Маратқызы Аяла (Ақсуат ауданы)
🏓Жарысқа қолдау көрсеткен ұйымдар: «Қазақстан халық қайырымдылық қоры», «Дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК.
Өткен жарыстың қорытындысы: Барлық қатысушылардың ұйғарымы бойынша өте жақсы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Жарыс барысында жарақат алу шағымдары тіркелген жоқ . Қатысушы командаларға грамота, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтар берілді.