
«AUYL SPORT-2025» өңірлік ауыл балалары арасында волейболдан облыстық іріктеу турнирі өтті.
⚜️Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы» РМҚК 2025 жылға арналған халықаралық, республикалық спорттық-бұқаралық, дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес 6-9 қазан аралығында «Жақсылық Үшкемпіров атындағы Семей қаласы бойынша №1 облыстық олимпиадалық резерв мамандандырылған балалар- жасөспірімдер спорт мектебі» кешенінде «AUYL SPORT-2025» өңірлік ауыл балалары арасында волейболдан облыстық іріктеу турнирі өтті.
🏐Жарысқа қатысушылардың жалпы саны: Қыздар 10 команда 101 бала, Ұлдар командасы 6 команда 68 бала.
🔹Облыстық іріктеу турниріне аудандардан 16 команда қатысты.
📌Турнир нәтижесінде:
Ұлдар арасында:
🥇 орын - Аягөз ауданы;
🥈 орын - Абай ауданы;
🥉 орын - Ақсуат ауданы;
Қыздар арасында
🥇 орын – Аягөз ауданы;
🥈 орын – Үржар ауданы;
🥉 орын – Ақсуат ауданы;
🔹Жарысқа қолдау көрсеткен ұйымдар: «Қазақстан халық қайырымдылық қоры», «Дене шынықтыру және спорт басқармасы», «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК.
🔹Жарыстың көрермендер саны: 300 адам
Өткен жарыстың қорытындысы: Барлық қатысушылардың ұйғарымы бойынша өте жақсы деңгейде ұйымдастырылып өткізілді. Жарыс барысында жарақат алу шағымдары тіркелген жоқ . Қатысушы командаларға грамота, медаль, кубок және ақшалай сыйлықтар берілді.