«Айбын-2024» Жастар жиынына Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінен «Жас патриоттар» командалары қатысты.

📌«Айбын-2024» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынында облысымыздың абыройын қорғаған жеңімпаздарымыз:

Абай облысы «Абай қырындары» құрамы командасы:
▫️Самархан Олжас, Семей қаласы «Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы мектеп-гимназиясының» оқушысы, 🏆«Үздік жас сарбаз» номинациясының жеңімпазы.
▫️Жұмағазин Жандос, Аягөз қаласындағы «№6 орта білім беретін мектеп-интернаты» КММ оқушысы, турникке тартылу бойынша 3 орын;
▫️Девяткова Дарья, Семей қаласының «№2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы, 1000 метрге жүгіруден 2 орын;
▫️Галузова Алла, Семей қаласының «№2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушысы, 1000 метрге жүгіруден 3 орын.

🔖«Дарынды балаларға арналған Ш.Уалиханов атындағы «Жас Ұлан» мамандандырылған ерлер лицей-интернаты» КММ «Арлан» командасы
1. Искаков Мирас, АК-74 жартылай бөлшектеу және құрастыру бойынша 1 орын, 3000 метрге жүгіруден
3 орын;
2. Мұқатов Рахат, пневматикалық винтовкадан атудан
2 орын;
3. Тұрсынғазы Бекзат, АК-74 толық емес бөлшектеу және құрастыру бойынша 3 орын.

🔖Семей қаласының «№49 жалпы орта білім беретін мектебінің» «Жас барлаушы» командасы
1. Болатов Жарас, турникке тартылу бойынша 2 орын;
2. Жасықбай Жансая, «Арқадан жату» күйінен денені көтеруден 3 орын;
3. Темірлан Мүсіралиев, ләнгіден 1 орын (жарыссыз).

🔊Барлық қатысушылардың күш-жігерінің арқасында біздің командалар командалық жарыста жеңіске жетті:

🔖«Абай қырандары» командасы (әскери-патриоттық клубтардың командалары арасында қорытынды 3 орын)
− «Айбын дарыны» байқауы – 🥇1 орын;
− турникке тартылу – 🥈2 орын;
− «арқада жату» күйінде денені көтеруден – 🥈2 орын;
− 1000 метрге жүгіру – 🥈2 орын;
− «Айбын жұлдызы» байқауы – 🥉3 орын;
− әскерилендірілген эстафета – 🥉3 орын.