«Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауы өткізілді

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Абай облысы бойынша департаменті мен Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 14 наурызында жалпы білім беретін мектептер мен облыстың мамандандырылған мектептерінің 7-17 жас аралығындағы оқушылар арасында «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» облыстық сурет байқауын бірлесіп өткізді.

📝Конкурстың мақсаты: оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
🔹Байқауға Абай облысының қала\аудандарынан 7-17 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Үржар, Аягөз, Жанасемей, Жарма, Ақсуат, Бородулиха, Мақаншы, Абай, Жас Ұлан арнайы ерлер мектеп-лицей интернаты, Семей қалалары мен аудандарынан 108 жұмыс түсті.
📌Байқаудың нәтижесі бойынша:
7-9 жас арасында қатысқаны – 29, жеңімпазы – 13.
🥇орын-2
🥈 орын -4
🥉 орын -7
10-12 жас арасында қатысқаны -36, жеңімпазы -18.
🥇орын -2
🥈орын -6
🥉 орын -10
13-15 жас арасында қатысқаны -32, жеңімпазы -15.
🥇 орын -2
🥈орын -4
🥉орын -9
16-17 жас арасында қатысқаны -11, жеңімпазы -4.
🥇 орын -1
🥈 орын -1
🥉орын -2
Облыстық байқаудың жүлдегерлері мен жетекшілерін марапаттарымен құттықтаймыз.
Ата-аналарға балаларына қолдау көрсетіп, шығармашылықтарын дамытқандары үшін алғыс білдіреміз.