Балалардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалаудың, дамытудың өзекті мәселелері» облыстық психологиялық консалтинг өтті
Дарын Орталығы
Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығы ағымдағы жылдың 07 қарашасында Абай облысы білім басқармасының Семей қаласы білім бөлімінің «№27 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында жалпы білім беретін ұйымдардың педагог-психологтеріне арналған облыстық психологиялық консалтинг өтті.
Консалтингте жалпы білім беретін ұйымдардың педагог-психологтері балалардың қабілеті мен дарындылығын диагностикалау, дамыту және қолдаудың тиімді әдіс-тәсілдерімен танысып, өзара тәжірибемен алмасты.