«Балаларға қосымша білім беруде жан-жақты тұлғалық дамуға бағытталған заманауи әдістер: тәжірибе мен тәсілдер» атты облыстық семинар өтті.

Абай облысының әкімі Б.Уәлидің Көкпекті ауданына жұмыс сапары қорытындысының 2025 жылғы 19 наурызындағы №28 хаттамасы негізінде Абай облысы білім басқармасы 2025 жылдың 24 сәуірінде Көкпекті ауданы білім бөлімінің «Оқушылар шығармашылық сарайы» КМҚК базасында «Балаларға қосымша білім беруде жан-жақты тұлғалық дамуға бағытталған заманауи әдістер: тәжірибе мен тәсілдер» атты облыстық семинар өтті.

📌Мақсаты: Қосымша білім беру жүйесінде оқушылардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытатын, тұлғаның жан-жақты қалыптасуына ықпал ететін заманауи педагогикалық әдіс-тәсілдермен танысу, тәжірибе алмасу және тиімді практикаларды енгізу арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

👥Семинардың қатысушылары: аудандық әкімдік өкілдері,аудандық/қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагогтер.

👩‍🏫Семинар барысында педагогтер білім беру-тәрбие процесін ұйымдастыруда өздерінің жұмыс барысындағы озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жалпылауға және таратуға бағытталған, кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру, заманауи жаңа инновациялық оқыту технологияларының қолдану аясын кеңейтті.

🔹Көкпекті аудында орналасқан «Оқушылар шығармашылық сарайында» қазіргі таңда 1050 бала білім алуда. Қосымша білім беру мекемесі 5 бағыт бойынша білім береді. Атап, айсақ көркем-эстетикалық, музыкалық-эстетикалық, әлеуметтік –педагогикалық, спорт-туризм және техникалық бағыт. Бүгінде осы бағыттар бойынша 35 педагог еңбек етеді. Аталмыш білім ордасы жыл сайын облыстық, республикалық, Халықаралық байқауларға қатысып жүлделі орындар алып тұрады. «Өнер өміршең» демекші, майталман мамандардан білім алып, іргетасы мықтап қаланған шәкірттен түбінде таудай талант шығарып келе жатқан Оқушылар шығармашылық сарайын білікті басшы Сулейменов Асқар Дүйсенбекұлы басшылық жасайды.