«Бейін алды даярлық сыныптарды ұйымдастыру арқылы нәтижеге қол жеткізудің жолдары» тақырыбында бейін алды даярлық сыныптарының физика және химия пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырды
✔️Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрінің және Абай облысы әкімінің 2023 жылғы 22 мамырдағы бекіткен «2023–2029 жылдарға арналған Абай облысының білім беру жүйесін дамытудың өңірлік жол картасын» іске асыру мақсатында ашылған бейін алды даярлық сыныптары арасында 2026 жылғы 19 ақпанда «Бейін алды даярлық сыныптарды ұйымдастыру арқылы нәтижеге қол жеткізудің жолдары» тақырыбында бейін алды даярлық сыныптарының физика және химия пәні мұғалімдеріне арналған тәжірибе алмасу алаңы ұйымдастырды. 📚✨
Семей қаласының №6 гимназиясы және Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы ұстаздары бейін алды даярлықты тиімді ұйымдастыру жолдары жөнінде өз тәжірибелерімен бөлісіп, ұсыныстарын ортаға салды, өзара пікір алмасып, кәсіби сұрақтарын талқылады. 👩🏫🔬👨🏫
Іс-шара педагогтердің кәсіби ынтымақтастығын нығайтуға, тәжірибе таратуға және білім сапасын арттыруға бағытталды. 🤝🎯📈