Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Қоғамға қызмет ету» еріктілер қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Қоғамға қызмет ету» еріктілер қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті

Дарын Орталығы

2025 жылдың 17 қыркүйегінде Абай облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен Семей қаласындағы «Облыстық балалар биологиялық орталығы» КМҚК базасында «Біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде «Қоғамға қызмет ету» еріктілер қызметін ұйымдастыру» тақырыбында облыстық практикалық семинар өтті.
Семинарға Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінде қызмет ететін 65 жас тәлімгер қатысты.
Іс-шара аясында:
​•​«Қоғамға қызмет ету» бағыты бойынша волонтерлік жобаларды жоспарлау және жүзеге асыру тәжірибелері ұсынылды;
​•​Еріктілік қызметін тәрбие жұмысына кіріктірудің тиімді әдіс-тәсілдері қарастырылды;
​•​Қатысушыларға шеберлік сабақтары мен практикалық жұмыстар ұсынылып, пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылды.
Семинар барысында қатысушылар өзара тәжірибе бөлісіп, тәрбие үдерісінде еріктілер қозғалысын ұйымдастырудың жаңа жолдарын талқылады. Сонымен қатар өңірдегі үздік педагогикалық тәжірибелер мен еріктілік жобалар үлгі ретінде ұсынылды.
📌 Аталған семинар – оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу, әлеуметтік жауапкершілігі жоғары, белсенді тұлға қалыптастыру жолындағы маңызды алаң болып табылады.