Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Біз орманды қорғаймыз!» бірыңғай өңірлік экологиялық флешмоб өткізілді

«Біз орманды қорғаймыз!» бірыңғай өңірлік экологиялық флешмоб өткізілді

Дарын Орталығы

Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК кешенді жұмыс жоспарына сәйкес «Жасыл мектеп» бағыты аясында ағымдағы жылдың 24 сәуір күні сағат 11:00-де жалпы білім беретін мектептердің 5-11 сынып оқушылары және мектеп орманшылары үйірмесінің қатысушыларымен «Біз орманды қорғаймыз!» бірыңғай өңірлік экологиялық флешмоб өткізілді.
​Мақсаты: оқушылардың экологиялық сауаттылық деңгейін көтеру, табиғатқа жанашырлық таныту, қоғамдық тазалыққа шақыру. Өлкеміздің аумағын экологиялық жағынан жақсарту, орман алқаптарын ұлғайту.
📌Міндеттері:
-білім алушылардың қоршаған ортаға қамқорлық сезімін ояту;
-табиғатқа ұқыптылықпен қарауға баулу;
-орман алқаптарының жойылуына қарсы күрес жүргізу.

🔹Аталған іс-шараға Абай облысының білім беретін мекемелерінен 685 оқушы қатысты. Флешмобқа барлық оқушылар үлкен қызығушылық танытты.