«Дарын» орталығының мамандары, аудандық білім бөлімдерінің басшылығы, ауыл әкімшілігі, қамқорлық кеңес пен ата-аналар комитеті мүшелері қатысып, оқушыларға бағыт-бағдар берді.

📝Атап айтсақ, Білім басқармасының басшысы Ахметкалиев Нұржан Ныгметтоллаевич, Семей қаласының білім бөлімінің басшысы Булабаев Біржан Заманбекович “Жарқын ЖОББМ”мектебіне және “Приречное ЖОББМ” КММ ға облыстық “Дарын” орталығының директоры Оспанова Светлана Сагидоллаевна және Жанаспаева Мейрамгуль Зарлыккановна “Дарын” орталығының директорының орынбасары барып олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты.

📗Ауыл мектептеріне арналған республикалық олимпиадаға 9-11 сынып оқушылары қатысып жатыр. Бұл бастама қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты қысқартуға және шалғай елді
мекендердегі дарынды балаларды қолдауға бағытталған.