«Дарынды балалармен жұмыстың үздік практикасы» облыстық конкурсы өткізіледі
✔️Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми - әдістемелік «Дарын» орталығы ағымдағы жылдың 16 ақпан – 06 сәуір аралығында колледж студенттері арасында «Дарынды балалармен жұмыстың үздік практикасы» облыстық конкурсы өткізілетінін хабарлайды.
🔴Мақсаты:
— дарынды студенттермен жұмыс істеудің үздік тәжірибелерін анықтау және насихаттау.
Қатысушылар: Конкурсқа колледж мұғалімдері шақырылады.
🔺Қатысу жеке немесе командалық (3 адамға дейін) түрде жүзеге асырылады.
Бір білім беру ұйымынан қатысушылар саны шектелмейді.
«Дарынды балалармен жұмыстың үздік практикасы» облыстық конкурсының ережесін Abaidaryn.kz сайтынан алуға болады.
🔻Конкурс 3 кезеңде өтеді:
І кезең – конкурстарға жұмыстарды қабылдау: 16.02.2026 – 06.03.2026 жж.
ІІ кезең – жұмыстарды сараптау: 10.03.2026 – 03.04.2026 жж.
ІІІ кезең – қорытынды шығару: 06.04.2026 ж.
Конкурсқа қатысушылардың өтінімдері мен жұмыстары 2026 жылғы 06 наурызға дейін daryndy_anyktau_kolday@mail.ru эл.почта бойынша қабылданады.
📞Анықтама телефоны: 87028515988 Нуркасымов Дархан Тлеугазыевич