«Дарынды оқушыларды анықтау, дайындау жүйесі және нәтижеге жету жолдары» атты облыстық семинар-тренинг өтті

Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК ұйымдастыруымен 2024 жылдың 14 қазанында 🔹«Дарынды оқушыларды анықтау, дайындау жүйесі және нәтижеге жету жолдары» 🔹атты облыстық семинар-тренинг өтті.
✔️Семинар-тренингке жоғары оқу орындарының оқытушылары, аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің әдіскерлері, педагог-писхологтар, әлеуметтік педагогтер мен кәсіптік бағдар берушілер қатысты.
✅ Семинар-тренингтің мақсаты – дарынды оқушылармен жұмысты жүйелеуде педагогтермен коллаборативті орта құру және оларға әдістемелік көмек көрсету.
Бүгінгі семинар-тренингте дарынды оқушылармен жұмыс жүйесін бір жүйеге келтіру, баланың дарындылығын және оның шығармашылық қасиетін дер кезінде аша білу, оларға педагогикалық-психологиялық қолдау көрсету, ерте бастан оқушыларға кәсіптік бағдар беру туралы өзекті мәселелер қарастырылды.

 Семинар екі бөлімнен тұрды: бірінші бөлім теориялық, екінші бөлім практикалық. 

Теориялық бөлімде спикерлер: «Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті» КеАҚ, «Психология» кафедрасының аға оқытушысы Э.Б. Масалимова және дарынды оқушыларды дамытып, тәрбиелеп жүрген білім ошақтарының мамандары сөз сөйледі. 

Практикалық бөлім үш модуль бойынша ұйымдастырылды.
🔷№ 1-модуль: Цифрлық әлем: «Бала және қоғам» (әдіскерлер, әлеуметтік педагогтер үшін);
🔷№ 2-модуль: «Дарынды балалар және оларды зерттеудің психологиялық мәселелері» (педагог-психологтер үшін);
🔷№ 3 модуль: «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» (кәсіби бағдар берушілер үшін).

✔️Практикалық бөлімде заманауи талаптарға сәйкес еңбек етіп, жетістіктерге жеткен мамандар озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп, әдістемелік ұсыныстар берілді.
Семинарға қатысушылардың істеріне сәттілік тілейміз.