Әйгілі күйші-композитор Н. Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай өткізілетін «Достық жолымен» атты жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілеріне арналған облыстық шығармашылық байқауы өтеді.
🔹Байқаудың мақсаты:
Халқымыздың біртуар ұлы,қазақтың әйгілі күйші-композиторы, дирижер, дәулескер домбырашы, Халық Қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің шығармашылығын жас ұрпаққа дәріптеу және ұлттық музыкаға деген қызығушылықтарын арттыру.
🔹Байқауды өткізу тәртібі мен уақыты:
- Байқаудың қорытындысы 2025 жылдың 30 сәуірде шығарылады.
- Байқауға Абай облысының аудандары мен қалаларынан өтінімдерді қосымшада көрсетілген үлгіде және төлем туралы түбіртектерді korkem.daryn@mail.ru электрондық поштасына 23 сәуірге дейін жіберу керек.
📞Қосымша ақпарат үшін: +7 775 799 1398