«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңі өткізілді
2025 жылдың 26-30 қараша аралығында «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» Ұлттық байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Бұл байқау экологиялық мәдениетті қалыптастыру, экологиялық ағартушылық жұмыстарды дамыту және орнықты даму қағидаттарын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Қатысушылар экологиялық білім беру, табиғатты қорғау, ақпараттық-ағартушылық жұмыстар және волонтерлік бастамалар бағытында өздерінің үздік жобаларын ұсынды.
Қатысқан ұйымдар саны: 22 Бағалау критерийлері негізінде анықталған жеңімпаздар: Бас жүлде: ➢ Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ І орын: ➢ Көкпекті ауданы «Әуезов атындағы орта мектебі» КММ. ІІ орын: ➢ Мақаншы ауданы «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ; ➢ Ақсуат ауданы «М.Әуезов атындағы Көкжыра орта мектебі» КММ; ➢ Бесқарағай ауданы «Сосновка орта мектебі» КММ; ➢ Жарма ауданы «Георгиевка орта мектебі» КММ. ІІІ орын: ➢ Аягөз ауданы «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ; ➢ Аягөз ауданы «№ 1 Ақшәулі жалпы орта білім беретін мектебі» КММ; ➢ Ақсуат ауданы «Ю.Гагарин атындағы орта мектебі» КММ; ➢ Жарма ауданы «Маяковский атындағы орта мектебі» КММ; ➢ Бесқарағай ауданы «Нұрлыбек Баймұратов атындағы орта мектебі» КММ; ➢ Семей қаласы «№27 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ. Байқауға белсенді қатысып, экология саласына қосқан үлестері үшін барлық білім беру ұйымдарына алғыс айтамыз!
Сіздердің бастамаларыңыз өңіріміздегі экологиялық жауапкершілікті арттыруға үлкен серпін береді.
Байқауға қатысқан барлық ұйымдарға Сертификаттар және жүлдегерлерге Дипломдар аудандық және қалалық білім бөлімдеріне жіберіледі. Құттықтаймыз!