Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

 «Экологиялық-өлкетану қызметі- оқушылардың патриоттық тәрбиесінің ресурсы ретінде» атты облыстық онлайн семинары табысты өткізілді

«Экологиялық-өлкетану қызметі- оқушылардың патриоттық тәрбиесінің ресурсы ретінде» атты облыстық онлайн семинары табысты өткізілді

Дарын Орталығы

✔️2025 жылдың 31 қазанында «Өлкетану жасақтары», «Жасыл клуб» жетекшілеріне арналған «Экологиялық-өлкетану қызметі- оқушылардың патриоттық тәрбиесінің ресурсы ретінде» атты облыстық онлайн семинары табысты өткізілді.

🟡Семинарға катысушылар квотасына сай Абай облысының жалпы білім беретін мектептердің пән мұғалімдері, аудандық және қалалық білім бөлімдерінің және «Дарын» орталығының әдіскерлері қатысты. Барлық қатысушылар саны: 100
▶️Іс-шара барысында педагогтер патриоттық тәрбиеге арналған тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісті және өз іс-тәжірибелерімен алмасты.
🔽Бағдарлама аясында:
• «Экологиялық қызмет- патриоттық тәрбиенің негізі» тақырыбында баяндамалар жасалды;
• «Туған жер - алтын бесігім» атты өлкетану арқылы оқушыларда экологиялық патриотизмді қалыптастыру тәжірибесі қаралды;
• «Өлкетану жасақтары» жұмыс жүргізу әдістемесі ұсынылды;
• Қатысушылар кері байланысқа шығып, семинардан алғантиімді әдіс-тәсілдер, әдістемелік көмекке өз пікірлерін білдірді.
Семинарға қатысушы мұғалімдер өз тәжірибелерін ашық бөлісіп, практикалық ұсыныстар ұсынды. Жобалық әдісті, зерттеушілік дағдыларды дамытуға бағытталған жұмыстар оң нәтиже беріп отырғаны байқалды. Экологиялық-өлкетану жұмыстары тек табиғатты қорғау емес, сонымен қатар ұлттық рух пен патриоттық сезімді дамытуда маңызды құрал екені дәлелденді. Семинар барысында көтерілген мәселелер мен ұсыныстар білім беру процесінде экологиялық патриоттық тәрбиені нығайтуға бағытталатын болады. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.
Семинар барысында экологиялық-өлкетану жұмыстарының патриоттық тәрбие беру ісіндегі маңыздылығы кеңінен талқыланды. Әрбір баяндама мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған. Семинар білім беру ұйымдарының экологиялық тәрбие мен өлкетануды жаңаша көзқараспен ұйымдастыруына серпін берді.