Х Халықаралық “Достастықтың балалары” атты форумға қатысқан оқушының ой-пікірі

Х Халықаралық “Достастықтың балалары” атты форумға Абай облысы атынан қатысқан делегация капитаны-Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназияның 11 сынып оқушысы Төкенов Еділдің форум жайлы ой-пікірі мен алған әсері:

🇰🇿🇧🇾Бұл форум мен үшін тың идеяларға, қызықты кездесулерге толы болды. Беларусь мемлекетінің тарихы, мәдениеті және салт-дәстүрімен танысып, ой-өрісімді кеңейттім. Өзге елдерден жаңа достар тауып, өзім үшін пайдалы орта қалыптастыра алдым.

⚡️Форум аясында есте қаларлық сәттердің бірі—Қазақстан Республикасының күні. Адамзаттың асылы Абай Құнанбайұлының жерінен болғандықтан, біз үшін бұл үлкен жауапкершілік болды. Тыңғылықты дайындықтың арқасында біз қазақ халқының бай мәдениетін, тұғырлы тарихын, ерекше салт-дәстүрін лайықты деңгейде таныстыра білдік. Осы орайда, делегация жетекшісі Бодомбаев Саят Бирканович мырзаға оқушылар атынан алғыс білдіргім келеді!

📌Мемлекеттер арасындағы өзара достастық-жарқын болашақтың кепілі. Қай заманда болмасын, тек бейбітшілік орнаған кезде ғана әлем алға басады. Сол үшін де біз Абай Құнанбайұлының “Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп” деген қанатты сөзін әрқашан естен шығармадық!

🤝🏻Форумның жабылу салтанатында Беларусь мемлекетінің Республикалық кеңесінің төрайымы Наталья Ивановна Кочановаға Абайдың “45 қара сөз” кітабын сыйға тартқанымды ерекше атап айтқым келеді. Себебі бұл мен үшін үлкен құрмет әрі ерекше жетістік.

✅Ұлтқа қызмет ету—әрбір Алаш ұлының игі арманы, қасиетті парызы. Бұл ұлы жолда барыңды салу-менің де, сіздің де, баршамыздың ортақ борышымыз!