ХХІ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті
📌2026 жылдың 28–31 қаңтар аралығында Ақмола облысы, Щучинск қаласында орналасқан «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында 2–7 сынып оқушыларына арналған ХХІ «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстар конкурсы өтті.
🔹Аталған байқауға еліміздің әр өңірінен 347 дарынды оқушы қатысып, 272 ғылыми жоба қорғалды. Конкурс оқушылардың ғылыми-зерттеу және шығармашылық қабілеттерін дамытуға, жас зерттеушілерді қолдауға бағытталды.
🔸Конкурсқа облысымыздан математикалық-жаратылыстану бағыты бойынша 18 оқушы (12 жоба) қатысып, жүлделі орындарға ие болды.
Жүлделі орын иегерлері:
ІІ орын
🔹 «Медицина, психология, экология» секциясы:
Манат Әмір, Манат Дамир – «Найманбай атындағы орта мектебі» КММ, 4-сынып оқушылары, Мақаншы ауданы;
🔹 «Химия, биология» секциясы:
Асен Айкөркем – «Жарқын жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 3-сынып оқушысы, Жаңасемей ауданы;
🔹 «Физика, космос» секциясы:
Архат Айша – «Ақтайлақ би атындағы орта мектебі» КММ, 6-сынып оқушысы, Жарма ауданы.
ІІІ орын
🔹 «Физика, космос» секциясы:
Сағынбек Хантөре, Ербол Альтаир – «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы» КММ, 2-сынып оқушылары, Семей қаласы;
🔹 «Химия, биология» секциясы:
Мухаметканова Нурай, Дәулет Балжан – «Әлихан Бөкейхан атындағы №39 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 7-сынып оқушылары, Семей қаласы;
🔹 «Туризм және спорт» секциясы:
Абдықалық Мансұр – «Жансүгіров атындағы орта мектебі» КММ, 3-сынып оқушысы, Үржар ауданы;
🔹 «Медицина, психология, экология» секциясы:
Шаяхметова Жасмин – «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 6-сынып оқушысы, Семей қаласы.
Грамотамен марапатталғандар:
🔹 «Туризм және спорт» секциясы:
Салихан Әлихан, Маулетқазы Нұрайша – «№5 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ, 7-сынып оқушылары, Аягөз ауданы;
🔹 «Информатика, робототехника, STEM инженерия» секциясы:
Апсаликов Искандер, Бочков Егор – «Қайрат Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» КММ, 4-сынып оқушылары, Бесқарағай ауданы;
🔹 «Математика, қолданбалы математика» секциясы:
Тілеуғажы Еркенұр – «Өкпеті орта мектебі» КММ, 7-сынып оқушысы, Ақсуат ауданы.