Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Информатика пәнінен XVII Еуразиялық олимпиадасы өтті

Информатика пәнінен XVII Еуразиялық олимпиадасы өтті

Дарын Орталығы

2025 жылғы 15–16 желтоқсан күндері Алматы қаласында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына (ШЫҰ) мүше елдер арасында Информатика пәнінен XVII Еуразиялық олимпиадасы өтті.

🔻Аталған олимпиаданың іріктеу кезеңіне 255 командадан құралған 765 оқушы қатысып, жоғары нәтиже көрсеткен 72 команда (216 оқушы) қорытынды кезеңге жолдама алды. Осы финалдық кезеңге Білім-инновация лицейінің командасы қатысып, Абай облысының намысын абыроймен қорғады.
🔹Олимпиада қорытындысы бойынша Білім-инновация лицей командасының оқушылары төмендегідей жоғары жетістіктерге қол жеткізді:

🥇 орын – алтын медаль:
Аменов Әлем, 11-сынып оқушысы

🥈 орын – күміс медаль:
Мендеке Әли, 10-сынып оқушысы
Дастанұлы Мағжан, 10-сынып оқушысы
Жүнүсов Темірлан, 10-сынып оқушысы

🥉 орын – қола медаль:
Рахан Олжас, 9-сынып оқушысы
Габдрахман Сұлтан, 9-сынып оқушысы
Маратов Ермек, 9-сынып оқушысы

🔹Жеңімпаз және жүлдегер оқушыларды, олардың ұстаздарын және ата-аналарын зор жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да халықаралық және республикалық білім додаларында биік белестерден көріне берулеріне тілектеспіз!