Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізіледі

Абай облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 17 наурызында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі (бұдан әрі - Олимпиада) Семей қаласының «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ базасында өткізіледі.

🔰Олимпиада мақсаты: Абай облысының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бітібаеваның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.

🔹Қатысушыларды тіркеу сағат 8:00-де, ашылу салтанаты 09:30-да, Олимпиаданың басталуы – 10:00-де.
🔰Олимпиада 2 айналымда өтеді:
I. айналым – эссе;
II. айналым –ауызша - қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектерін білу бойынша тапсырма.
🔹Олимпиадаға жалпы 9-11 сыныптар арасында 50-ге жуық оқушы қатысады.
🔹Олимпиаданы жариялауға қызығушылық танытатын БАҚ өкілдерін Қ. Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне 2025 жылдың 17 наурызы күні сағат 9-00-де шақырамыз.

📍Өтетін орны: Семей қаласы, «Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ, мекен-жайы : Шәкәрім даңғылы 70 ғимарат.