«Қандай көркем – менің туған өлкем» атты облыстық байқауы қашықтан өткізілді
2025 жылғы 24–30 қараша аралығында «Қандай көркем – менің туған өлкем» атты облыстық байқауы қашықтан өткізілді.
Байқаудың мақсаты – оқушылардың туған өлкенің тарихи-мәдени, рухани мұрасын зерттеуге қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Байқау төрт номинация бойынша ұйымдастырылды:
1. «Мұражай – тарих айнасы» бейнероликтер байқауы;
2. «Демалыс күнімнің үздік жорығы – 2025»;
3. «Менің ата-тегім» авторлық презентациялар байқауы;
4. «Менің өлкемнің аңызы» сурет және графикалық жұмыстар номинациясы.
Қатысушылар саны: 84
Қатысушылардың жұмыстарында туған өлкенің өлкетану құндылықтары, тарихи ескерткіштері, табиғи нысандары мен мәдени ерекшеліктері кеңінен көрсетілді. Байқауға жолданған материалдар белгіленген критерийлерге сәйкес бағаланып, 46 үздік жұмыс анықталды. Оның ішінде:
І орын: 6 оқушы
ІІ орын: 16 оқушы
ІІІ орын: 24 оқушы
Байқауға қатысқан барлық қатысушыларға Сертификаттар табысталады. Диплом мен сертификаттар сілтемесін «Дарын» орталығының сайтына жүктеледі және жұмыс ватсап чатына жіберіледі. Барлық қатысушылар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!