2025 жылдың 21-24 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты базасында Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасы өтті.
🔹Оған еліміздің әр аймағынан өңірлік іріктеу кезеңінен өткен 9-11 сыныптың 200-ге жуық оқушысы қатысты. Абай облысынан облыстық кезеңнің жеңімпаздары болған жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сыныптарынан 7 оқушы қатысты.
🔹Олимпиаданың республикалық кезеңі эссе жазу мен сұрақтарға ауызша жауап беруді қамтитын екі кезеңнен тұрды.
🔹Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 2 оқушы күміс, 4 оқушы қола медальға ие болды.
II орын - Оралханова Диана Абай ауданы, «ЖББ Қарауыл гимназиясы” КММ 10-сынып;
II орын - Серікқазы Іңкәр Семей қаласы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ 10 сынып;
III орын- Қанағат Дильназ Көкпекті ауданы, «М.О Әуезов атындағы орта мектебі» КММ 11-сынып;
III орын - Амангелдинова Айсу «Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназия -интернаты» КММ 11-сынып;
III орын - Мұсаева Зере Абай ауданы, «М.Әуезов атындағы орта мектебі” КММ 9 сынып;
III орын - Есболқызы Таңнұр Үржар ауданы, “Қ.Игенбайұлы атындағы орта мектеп бақшасы” КММ 10сынып.
Сонымен қатар, Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті ректорының білім гранты «Абай атындағы мамандандырылған мектеп гимназия -интернаты» КММ, 11-сынып оқушысы Амангелдинова Айсуға берілді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!
