Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Қайым айтыстың құлагері, жұмбақ айтыстың жүйрігі Сембай ақын» тақырыбында мектеп оқушылары арасында облыстық ақындар айтысы өтті

«Қайым айтыстың құлагері, жұмбақ айтыстың жүйрігі Сембай ақын» тақырыбында мектеп оқушылары арасында облыстық ақындар айтысы өтті

Дарын Орталығы

⚜️2025 жылдың 22 қазанында «Дарын» орталығы және Ақсуат ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен Республика күніне орай Ақсуат ауданы, Қызыл-кесік ауылының Мәдениет үйінде Республикаға белгілі ақын Жансақов Сембай Молдахметұлына арналған «Қайым айтыстың құлагері, жұмбақ айтыстың жүйрігі Сембай ақын» тақырыбында мектеп оқушылары арасында облыстық ақындар айтысы өтті.

📍Айтысқа Семей қаласы, Ақсуат,Аягөз аудандарынан суырып салма, сөзге шешен, қиыннан қиыстырар 8 жас өнерпаз қатысты.

📌Айтыс нәтижесі бойынша:
Бас жүлде-Ақсуат ауданы, Би Боранбай атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Маратбекқызы Ханшайым; 100 мың теңге қаржылай сыйлық;
І орын- Ақсуат ауданы, М.Әуезов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Нариман Айзере; 70 мың теңге қаржылай сыйлық,
ІІ орын- Аягөз ауданы, №10 қазақ мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы Шалқарқызы Толғанай; 50 мың теңге қаржылай сыйлық;
ІІІ орын- Ақсуат ауданы, Ю.Гагарин атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Серіков Азамат; 40 мың теңге қаржылай сыйлық;
Қалған ақын оқушыларға 30 мың теңге, 20 мың теңгелік қаржылай сыйлықтар және қатысқаны үшін сертификатпен марапатталды.
Облыстық айтыстың жүлдегерлері облыстық білім басқармасының дипломдарымен және демеушілер тарапынан қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Айтыс ұйымдастырушыларына, әділ қазылар алқасына, демеушілерге алғыс хаттар табысталды.
Айтыста демеуші болған Жансақов Думан Сембайұлына, Сабитов Нұржан Қанатұлына, Жұматов Серік Зейнетайұлына, Искакова Ләззат Саятқызына, Сүлейменов Оралбек Сембайұлына, Шорманов Айбек Закарияұлына, Шорманов Абдрахман Закарияұлына, Байтілеуов Қапас Хамзаұлына зор алғыс білдіреміз.