❇️Олимпиада мақсаты: Абай облысының дарынды оқушыларын анықтау, дамыту және қолдау көрсету, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ.Бітібаеваның өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.
🌐Олимпиада 2 айналымда өтті :
I айналым – эссе;
II. айналым –ауызша - қазақ тілін, қазақ әдебиетінің шығармаларын, Қ. Бітібаеваның өмірбаянын, оның ғылыми мұрасы мен публицистикалық еңбектерін білу бойынша тапсырма.
🔗Олимпиадаға Абай облысынан Семей қаласынан, Аягөз, Бородулиха, Бесқарағай аудандарынан 10 оқушы қатысты.
🔻Республикалық олимпиаданың қорытындысы бойынша 6 қатысушы жүлдегер атанып, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің дипломдарымен:
🥇I орын - Құрмамбаева Ақниет Семей қаласы, «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы»КММ 9-сынып оқушысы;
🥈II орын -Арыстанбекова Нұрай Бесқарағай ауданы «Беген орта мектебі» КММ 11 сынып оқушысы;
- Берікова Аружан Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы»КММ 10-сынып оқушысы;
- Қанатқызы Диляра Аягөз ауданы «№4 жалпы орта білім беретін аралас мектебі» КММ 9- сынып оқушысы;
- Кенжеғали Айзере Аягөз ауданы «Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназиясы» КММ 10 сынып оқушысы;
🥉ІІІ орын - Айтбек Гаухар Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы»КММ 11 сынып оқушысы;
- Серік Айым Бородулиха ауданы, «Жезкент кентінің мектеп-лицейі» КММ 9 сынып оқушысы;
- грамотамен Адылханова Балауса Бесқарағай ауданы, «Глуховка орта мектебі» КММ 10 сынып оқушысы марапатталды.
🏆Сонымен қатар, Шәкәрім атындағы университеті ректорының білім гранты Бесқарағай ауданы «Беген орта мектебі» КММ 11 сынып оқушысы Арыстанбекова Нұрайға табыс етілді.
Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жеңістерімен құттықтаймыз!💐