Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы  С. Нұрмағамбетовке арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық турнирі өтті

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетовке арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық турнирі өтті

Дарын Орталығы

2025 жылдың 25-26 қыркүйек аралығында Семей қаласы 28738 әскери бөлімінде ұйымдастырылды.

🥏Облыстық әскери-спорттық турнирге «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚҚ, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жауынгерлік дайындық басқармасының офицерлері және Семей қаласы 28738 әскери бөлім қызметкерлерімен бірлесе өткізді.

⛳️Турнирдің ашылуы мен жабылу кезеңінде 28738 әскери бөлім командирі полковник А.Р. Шилдебаев, Абай облысының Таулы - Қарабахтағы этносаралық қақтығыстарды реттеудегі ардагер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Ж.Т. Жүрсінбаев, Қарулы күштер ардагерлері запастағы подполковник С.С. Сарсеков, Б.Ш. Елеукенов, «Чернобыль мүгедектерінің еріктілер қоғам» кеңесінің төрағасы С.Б. Қайсанов, Абай облысы білім басқармасының ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми әдістемелік «Дарын» орталығы» директорының орынбасары Л.Т. Карипбаева, құрметті қонақтардың қатысуымен турнирдің салтанатты ашылуы мен жабылуы кезеңінде турнир қатысушыларына сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

🇰🇿ҚР тұңғыш Қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетовке арналған әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша облыстық турнирінің қортындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

✔️Әскери-спорттық бағдарламаға әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша:
1. Белтемірге тартылу.
жекелей:
1 орын – Кусаинов Мансур, Семей қаласының №49 ЖОББМ;
2 орын – Есенжолов Илияс, Семей қаласының №9 ЖОББМ;
3 орын – Сейткалиев Бектас, Жаңасемей ауданы.
командалық орын:
🥇 орын – Семей қаласының №49 ЖОББМ командасы;
🥈 орын – Семей қаласының №51 ЖОББМ командасы;
🥉 орын – Семей қаласының №9 ЖОББМ командасы.
2. 1 минут ішінде арқаға жатып денені көтеру.
жекелей:
🥇 орын – Девяткова Дария, Семей қаласының №2 ЖОББМ;
🥈 орын – Кәкімқызы Балжан, Семей қаласының №16 ЖОББМ;
🥉орын – Каирова Дамира, Бородулиха ауданы, Жезкент ОМ.
командалық орын:
🥇орын – Семей қаласының №2 ЖОББМ командасы;
🥈орын – Бородулиха ауданы, Жезкент ОМ командасы;
🥉 орын – Семей қаласының №9 ЖОББМ командасы.