Алғыс айту күні ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні.
Бүгінгі күні егемен еліміздің, бірлігі мен берекесін нығайтып отырған игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
🔻Құрметті оқушылар, ұстаздар, ата-аналар! Жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, «РАҚМЕТ» деген қасиетті сөзді жиі айтыңыздар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын, жақсылық жасағысы келіп тұратынын естеріңізде сақтаңыздар. Өмірдің әрбір сәтін бағалай білу, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
📊Сіздерге осы мерекеде отбасыларыңызға береке – бірлік, үнемі жақындарыңызды қуантып, жылы сөздеріңізді арнап жүре беріңіздер, ал сіз бен біз тәрбиелеп, өсіріп жатқан ортақ жемісіміз балалардың болашағы жарқын болсын, жан – жақты рухани – адамгершілігі мол салиқалы ұрпақты нәсіп етсін. Мың сөздің орнына «РАҚМЕТ» деп, бірақ сөзбен алғыс білдіруге болатынын естен шығармайық.
🔸Шын жүректен деңдеріңізге саулык, шаңырактарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілейміз!
Челлендж жариялап, өз кезегімізде Абай облысы білім басқармасының «Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты» КММ жолдаймыз.👏🏻
#алғысайтукүні