Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

М.Б. Мақамбаевты еске алуға арналған, информатика және физика пәндерінен аймақтық пәндік олимпиада өтті

М.Б. Мақамбаевты еске алуға арналған, информатика және физика пәндерінен аймақтық пәндік олимпиада өтті

Дарын Орталығы

27 қазан күні Әлихан Бөкейхан Университетінде «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми–әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК қолдауымен белгілі ғалым, педагог М.Б. Мақамбаевты еске алуға арналған, информатика және физика пәндерінен аймақтық пәндік олимпиада өтті.

✍️ Екі кезеңде өткізілген олимпиадаға Абай облысының қалалары мен аудандарының мектептерінен жалпы жиыны 180 оқушы тіркелді. Оның 103-і бірінші кезеңнен сүрінбей өтіп, Университет қабырғасында өткен екінші турға шақыру алды.

Екінші кезең барысында оқушылар олимпиаданың тәжірибелік тапсырмаларын орындап, өз білімдерін сынады.

✨ Олимпиада қорытындысы бойынша, физика және информатика пәндерінен ең жоғары балл жинап, Университет Президентінің жеңілдік сертификаттарын ие болған жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды.

Информатика пәні бойынша:
🏆 Олимпиаданың бас жүлдесі - Әлихан Бөкейхан Университетінің ақылы бөлімінде бірінші жыл 100% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. №18 орта білім мектебінің оқушысы Сайдашева Малика Надировна иеленді
🥈Екінші дәрежелі дипломды және ақылы бөлімде бірінші жыл 50% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. №18 орта мектебінің оқушысы Шкедов Егор Дмитриевич иеленді
🥉Үшінші дәрежелі дипломды және ақылы бөлімде бірінші жыл 25% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. №30 орта мектебінің оқушысы Ерланова Адина Ерланқызы жеңіп алды.

Физика пәні бойынша:
🏆Олимпиаданың бас жүлдесі - Әлихан Бөкейхан Университетінің ақылы бөлімінде бірінші жыл 100% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Аягөз ауданының Горный орта мектебінің оқушысы Болатова Лаура Болатқызы иеленді
🥈Екінші дәрежелі дипломды және ақылы бөлімде бірінші жыл 50% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. Shakarim High School мектебінің оқушысы Жиенбаева Дильназ Аяновна иеленді
🥉Үшінші дәрежелі дипломды және ақылы бөлімде бірінші жыл 25% жеңілдікпен білім алуға мүмкіндік беретін сертификатты Семей қ. Ыбырай Алтынсарин ат. №37 гимназиясының оқушысы Қастай Еркежан Ерлібекқызы жеңіп алды.

💐 Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз!