Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Математика және физика пәндерінен олимпиадалық тапсырмаларды шешу» атты облыстық семинар-практикум өтті

«Математика және физика пәндерінен олимпиадалық тапсырмаларды шешу» атты облыстық семинар-практикум өтті

Дарын Орталығы

📚2026 жылғы 30 қаңтар күні Абай облысының білім басқармасы «Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен математика және физика пәндерінен өткен Ж.Базенұлы атындағы облыстық олимпиада аясында “Математика және физика пәндерінен олимпиадалық тапсырмаларды шешу тақырыбында облыстық семинар-практикумы өтті.
•Мақсаты:
Педагогтердің олимпиадалық және күрделі есептерді шешудегі кәсіби шеберліктерін арттыру және заманауи әдіс-тәсілдерді меңгеру.

•Міндеттері:
• Олимпиада жеңімпаздарын даярлаудағы озық тәжірибелермен алмасу;
• Мектептің олимпиадалық резервін қалыптастыру және дамыту;
• Теориялық білімді практикалық турлар арқылы бекіту.

Семинар барысында теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылды. 50-ге жуық қатысушы олимпиадалық тапсырмаларды шешудің инновациялық жолдарын қарастырып, өзара тәжірибе алмасты. Қорытындылай келе, қатысушылар оқушыларды пәндік олимпиадаларға және зияткерлік сайыстарға дайындау бойынша нақты әдістемелік нұсқаулар алды. Іс-шара соңында педагогтердің кәсіби шеберліктерін арттыруға бағытталған ұсыныстар қабылданды.