Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

«Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.

Дарын Орталығы

2025 жылдың 1 қазан күні «Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Т. Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі»КММ базасында физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Т. И. Амановтың құрметіне «Математикадан олимпиадалық тапсырмаларды шешудің әдістері мен тәсілдері» тақырыбында облыстық оқыту семинары өтті.
🔗Іс-шараға өңірлерден 30ға жуық математика пәні мұғалімдері қатысты. Семинар- тек білім алмасу емес, ынтымақтастық пен тәжірибе негізінде дамуға мүмкіндік беретін орта. Қатысушыларға Инновациялық даму зертханасы әдіскерлері тарапынан семинар жұмысының тиімділігін арттыру мақсатында келесі ұсыныстар берілді:
1. Олимпиадалық дайындыққа жүйелі көзқарас ұстану, әр деңгейге (мектепішілік, аудандық, облыстық, республикалық) сай тапсырмалар іріктеп, сатылы дайындық жүргізу.
2. Тапсырмаларды шешудің әдістерін әртараптандыру.
3. Оқушының дербес жұмыс істеу қабілетін, өзіндік рефлексиясын дамыту.
4. Белгілі бір олимпиадалық тақырыптарға арналған мини-жобалар ұйымдастыру арқылы оқушыны шығармашылыққа баулу.
5. Әріптестермен білім алмасу және тәжірибе тарату.
Оқушыларды математика пәнінен олимпиадаға дайындау жолдары және олимпиадалық есептерді шешудің стратегиялары туралы үздік тәжірибесімен бөліскен төмендегі педагогтерге алғыс білдіреміз.
-Алтынжанов Қуаныш Мубаракович- Үржар ауданы білім бөлімінің «Қарақол орта мектеп-бақшасы» КММ, математика пәні мұғалімі;
-Султангазина Ляйля Базенгалиевна - Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Переменовка орта мектебі» КММ, математика пәні мұғалімі;
- Смагулова Майя Мейрамбековна – Мақаншы ауданы білім бөлімінің «Қарабұлақ орта мектебі» КММ, математика пәні мұғалімі;
- Жолдас Ілияс Исламұлы –Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» КММ, математика пәні мұғалімі.
Профессор Т.И. Амановтың ұстаздық жолы - біз үшін үлгі. Оның ғылыми еңбектеріне сүйене отырып, өскелең ұрпақтың білімге ынтасын бірге арттырайық!