Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Математикадан және физика пәндерінен олимпиадалық тапсырмаларды шешу» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылады

«Математикадан және физика пәндерінен олимпиадалық тапсырмаларды шешу» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылады

Дарын Орталығы

🔊🔊«Семей қаласы білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Төлеубай Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимаратында жасөспірімдер арасында математика және физика пәндерінен Ж. Базенұлы атындағы облыстық олимпиаданың өту мерзімінде физика-математика пәні мұғалімдеріне арналған ««Математикадан және физика пәндерінен олимпиадалық тапсырмаларды шешу» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылады.

📚Іс-шараның мақсаты – олимпиадалық, логикалық және күрделілігі жоғары есептерді шешудің заманауи әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, олимпиадалық тапсырмаларды шешуде педагогтердің кәсіби шеберліктерін жоғарлату.

🔗Міндеттері:

- олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын даярлаған жетекшілердің озық іс-тәжірибелерімен алмасу, мектептің олимпиада резервтерін қалыптастыру және дамыту.

Облыстық семинарға ЖОО оқытушылары, математика, физика пәні мұғалімдерін,

БАҚ өкілдерін шақырамыз.

🗓️Өту мерзімі: 2026 жылғы 30 қаңтар

📍Өткізу орны: Семей қаласы, «Т. Аманов атындағы №16 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ;

📎Мекен-жайы: Торайғыров көшесі, 121 а.

Семинарға қатысушыларды тіркеу сағат 08.00- 09.30

🕰️Іс-шараның салтанатты ашылуы 09.00, басталуы сағат 10.00