«Математикалық олимпиадалық және логикалық тапсырмаларды шешудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті
«Математикалық олимпиадалық және логикалық тапсырмаларды шешудің әдіс-тәсілдері» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті. Іс-шараға облыстың білім беру ұйымдарының бастауыш сынып мұғалімдері, жоғары санатты педагогтер қатысты.
📍Мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларына арналған олимпиадалық және логикалық есептерді тиімді шешу жолдарын тәжірибеде қолдану, мұғалімдердің әдістемелік шеберлігін жетілдіру.
Міндеттері:
- математикалық олимпиада тапсырмаларының құрылымын талдау;
-логикалық ойлауды дамытуға бағытталған әдіс-тәсілдерді жүйелеу;
-күрделенген есептерді шешудің тиімді стратегияларын көрсету;
-педагогтердің тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру;
-дарынды және қабілетті оқушылармен жұмыс жүргізудің заманауи тәсілдерін ұсыну.
Семинар барысында қатысушыларға теориялық және практикалық бағыттағы мазмұнды жұмыстар ұсынылды. Атап айтқанда:
*олимпиадалық есептердің түрлері (логикалық, комбинаторикалық, стандарттан тыс есептер) талданды;
*есеп шығару барысында қолданылатын талдау, салыстыру, модельдеу, кері есеп құрастыру, болжам жасау әдістері көрсетілді;
*оқушылардың сыни және шығармашылық ойлауын дамытуға арналған тапсырмалар жүйесі ұсынылды;
📌Тәжірибелік бөлімде мұғалімдер топтық жұмыс арқылы есептерді шешудің бірнеше тәсілін салыстырып, тиімді жолдарын анықтады.
Практикалық жұмыстар тәжірибелі педагогтердің белсенді қатысуымен өтіп, спикерлер өз тәжірибелерінен мысалдар келтіріп, кәсіби пікір алмасу жүргізді.
🔹Озық іс- тәжірибесімен бөліскен әріптестерімізге шығармашылық табыс тілейміз.
1. Нұрғабиева Гүлмира Қалыбекқызы, Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
2. Кабакаева Айман Есболатовна, Семей қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы №37 гимназиясы» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
3. Аяпбергенова Ляззат Даулеткалиевна, Семей қаласы «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
4. Шоманова Самал Куанышевна - Семей қаласы «Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназия» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;
5. Сарбасова Тынысжан Отешовна, Үржар ауданы «Абылай хан атындағы орта мектеп-бақша» КММ, бастауыш сынып мұғалімі;