Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

 Мектеп оқушылары және қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» облыстық байқауын онлайн форматта өткізеді.

Мектеп оқушылары және қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» облыстық байқауын онлайн форматта өткізеді.

Дарын Орталығы

Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» мектеп оқушылары және қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» облыстық байқауын онлайн форматта өткізеді.

🔻Байқаудың негізгі мақсаты:
Ақындық өнер, көркем поэзия арқылы жастарға ізгілікті, адамгершілікті, бабадан мұра болып жеткен салт-дәстүр мен әдет-ғұрпымызды насихаттау. Ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық қабілетін арттыра отырып сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу, жас таланттар мен дарынды ақындарды ынталандыру.

👥Байқауға жалпы білім беру мекемелерінің 5-11 сынып оқушылары және қосымша білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері қатыса алады.

📌Мүшайраның тақырыптары:
1. «Абай-дана, Абай –дара қазақта!» арнау өлең
2. «Семей-қазақтың рухани жүрегі»
3. «Туған жер- алтын бесігім!»,
4. «Ана тілім- айбыным!».
5. «Абай елі-ардақты өлке»
6. «Міржақып мұрасы-елдіктің шамы» (Қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, публицист, мәдениет және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай)
7. «Шоқан Уәлиханов-қазақтың ұлы ғалымы» (Көрнекті ағартушы, тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зертеуші, археолог, этнограф Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 190 жыл толуына орай))
8. «Ел қорғаған ер жүрек» ( Халық қаһарманы, жазушы Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына орай)

Әр қатысушы берілген тақырыптың біреуіне ғана шығарған өлеңімен байқауға қатыса алады. Өлең бұрын соңды басқа сайыстарға жолданбаған болуы шарт.

🔻Байқауға қатысуға өтінімдер, жұмыстар , түбіртек 2025 жылдың 10 қазанға дейін konkursy@abaidaryn.kz электрондық поштасына қабылданады.

Облыстық байқауды өткізу күні: 16-20 қазан аралығы 2025 жыл онлайн форматта.