Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

«Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» облыстық семинар-практикумы өтеді

«Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» облыстық семинар-практикумы өтеді

Дарын Орталығы

Абай облысының білім басқармасы ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылдың 17 қазанында «Көкпекті ауданының білім бөлімі» ММ «Көкпекті орта білім беретін мектебі» КММ «Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» облыстық семинар-практикумы өтеді.

🎯 Мақсаты:
Оқушылардың патриоттық сезімін арттыру;
ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
Отанға қызмет етуге құрмет пен
азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.
📍 Ұйымдастырушылар:
Абай облысы білім басқармасы;
«Дарын» облыстық ғылыми-әдістемелік орталығы;
Көкпекті ауданының білім бөлімі.
👥 Қатысушылар:
Әдіскерлер, алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдері;
«Жас сарбаз» сыныптарының офицер-тәрбиешілері мен оқушылар.
📌 Семинар құрылымы:
1️⃣ Пленарлық бөлім;
2️⃣ Тақырыптық (шеберлік) алаңдар;
3️⃣ Практикалық бөлім.