«Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды
7 қазан күні Абай облысы Көкпекті ауданының Көкпекті орта мектебі базасында «Мектеп оқушыларына әскери-патриоттық тәрбие берудің маңызы» тақырыбында облыстық семинар-практикум ұйымдастырылды.
🔹Іс-шараға Семей, Курчатов қалаларынан, сондай-ақ Абай, Ақсуат, Аягөз, Бородулиха, Жаңасемей, Жарма, Мақаншы, Үржар және Көкпекті аудандарынан келген білім бөлімдерінің әдіскерлері мен алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәні мұғалімдері қатысты.
📚Семинар-практикумның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларының бойында патриоттық сезімді арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және Отанға деген құрметті қалыптастыру арқылы олардың азаматтық жауапкершілігін күшейту, Отан алдындағы борышын терең сезінуіне ықпал ету.
Іс-шара аясында қатысушылар әскери-патриоттық бағыттағы үздік тәжірибелермен бөлісіп, оқу-тәрбие процесінде қолдануға болатын әдістемелермен танысты. Семинар барысында ашық сабақтар, шеберлік сағаттары, пікір алмасу алаңдары ұйымдастырылып, әскери-патриоттық тәрбиенің заманауи тәсілдері талқыланды.
Семинар соңында қатысушылар патриоттық тәрбиені дамыту жолдарын айқындап, бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты. Семинар-практикум жоғары дәрежеде өттіп. Іс-шара барлық қатысушылар үшін мазмұнды әрі тәжірибеге бай платформа болды.