Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

"Мектеп оқышыларын олимпиадаға дайындаудың жолдары" облыстық семинар

"Мектеп оқышыларын олимпиадаға дайындаудың жолдары" облыстық семинар

Дарын Орталығы

📚Мақсаты:
• Олимпиадалық қозғалысты дамыту жолдарын талқылау;
• Дарынды оқушылармен жұмыстың тиімді тәсілдерін көрсету;
• Пәндік олимпиадаларға дайындықтың әдістемесін жетілдіру;
• Мұғалімдердің кәсіби тәжірибе алмасуына жағдай жасау.
🔹Ыкыласова Зумрат Женисовна, Бородулиха ауданы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп» КММ мұғалімі «Олимпиадаға дайындықтың кезеңдері мен тиімді әдістері» тақырыбында шебер-сынып өткізді

🔹Нуркамбаева Акерке Мураткажиевна, Аягөз ауданының білім бөлімі «Қалалық қазақ мектеп-лицейі» КММ мұғалімі «Олимпиадалық резерв: дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыстың тиімді жолдары» тақырыбында коучинг өткізіп тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар жұмысында “Олимпиадалық дайындық: кедергілер мен шешімдер” тақырыбы бойынша пленарлық талқылауға қатысып, пікірлерімен бөліскен барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз.
Іс-шара соңында қатысушыларға және спикерлерге сертификат берілді.