«Менің Отаным-Қазақстан» атты облыстық жас патриоттар форумы өтеді
✔️2025 жылдың 14 қарашасында Семей қаласында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Семей қаласы филиалында (Ауезов көшесі 95) «Менің Отаным-Қазақстан» атты облыстық жас патриоттар форумы өтеді.
🕰️Тіркелу уақыты сағат 9.00.
📚Форумының мақсаты:
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысын дамыту арқылы ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру, патриоттық тәрбие жұмысын жандандырып, Қарулы Күштердің беделін көтеріп, «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиесімен білімін биік деңгейге жеткізу, Отансүйгіштік рухта өз елінің нағыз қорғаушысы болуға тәрбиелеу.
🔹Форумға Абай облысының жергілікті атқарушы органдар өкілдері, ардагерлер, білім бөлімдерінің әдіскерлері, «Жас сарбаз» сыныптары, әскери-патриоттық клубтардың жетекшілері мен тәрбиеленушілері қатысады.
🔹Форум барысында әскери қару-жарақтары мен әскери киім-кешек көрмесі, «Даңқ» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы тарихы мұражайлары, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының жетістіктерімен танысу ұйымдастырылады.
«Жас Ұлан» тәрбиеленушілерінің саптық дайындық көрінісі мен «Тамыры терең тарихтан жарқын болашаққа» атты тарихи-зерттеушілік «Жеті дара» экспедицияға қатысушыларының қойылымы ұсынылады.
🔸ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей қаласындағы филиалының ұйымдастыруымен «Отаныма қызмет етемін» мерекелік концерті өтеді.
Форумда Абай облысы аудандары мен қалаларында мамандырылған «Жас сарбаз» сыныптарының ашылуына қолдау көрсетіп өз үлестерін қосып жүрген білім беру мекемелерінің басшылармен жетекшілерін, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын жеңімпаздары марапатталды.
Форум аясында «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицейі интернаты» КММ АӘТД кабинетінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді.