«Мұражай педагогикасы арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру» тақырыбында стратегиялық сессия өтті
💫2026 жылғы 30 қаңтарда Өскемен қаласында «Мұражай педагогикасы білім беру ресурсы ретінде» жобасы аясында «Мұражай педагогикасы арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайту және Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қызығушылықты арттыру» тақырыбында стратегиялық сессия өтті.
Сессия барысында мұражай педагогикасының өзекті мәселелері қарастырылды: жұмыс формалары, жобалық қызмет, Мұражайдың рухани-адамгершілік тәрбиенің орталығы ретіндегі рөлі талқыланды. Стратегиялық сессияға «Өрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚО-дағы білім беру ұйымдары мен музейлердің басшылары қатысты.
Іс-шара барысында ШҚО мен Абай облысының білім беру ұйымдарындағы мұражайларының презентациялары ұсынылды.
Абай облысынан спикер ретінде облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының әдіскері Боровинский Владимир Анатольевич «Мұражай педагогикасындағы жұмыс формалары» тақырыбында баяндама жасап, өлкетану жұмыстары мен облыстағы мектеп мұражайларының жұмыс тәжірибесін таныстырды.
🔗Сонымен қатар, Абай облысында мұражай педагогикасы жүйесіндегі өлкетану жасақтарының рөлі, жаңа мектеп мұражайларын құру үдерісі туралы айтылды. Мұражайдың облыс мектептеріндегі білім беру үдерісіндегі маңызы, тұрақты мониторинг жүргізу және мектептегі өлкетану қозғалысымен тығыз байланысы кеңінен ашып көрсетілді.