2024 жылдың 22 қазанында Семей қаласының № 5 өрт сөндіру бөлімінде «Қауіпсіздік мектебі» облыстық жарысы өтті.
Жарыстың салтанатты ашылу мен қатысушыларды марапаттау рәсіміне құрметті қонақтар мен ұйымдастырушылар Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Штыкель Алексей Владимирович, Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Жалелов Ернар Ермекович, "Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық-әдістемелік "Дарын" орталығы әскери-патриоттық бағытты дамыту бөлімінің басшысы Курманов Болат Анарбекович, Абай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері мен ардагерлер қатысты.
Жарысқа қатысушылар үшін төтенше жағдайлар кезінде адамдарды құтқаруға арналған құтқару техникасы, арнайы құралдар мен жабдықтар көрмесі ұйымдастырылды.
«Қауіпсіздік мектебі» облыстық жарысының қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:
1. «Таныстыру» байқауы кезеңінде:
1 орын – Жаңасемей ауданының командасы;
2 орын – Үржар ауданының командасы;
3 орын – Жарма ауданының командасы.
2.«Өрт эстафетасы» байқауы кезеңінде:
1 орын – Курчатов қаласының командасы;
2 орын – Мақаншы ауданының командасы;
3 орын – Жарма ауданының командасы.
3.«Алғашқы көмек көрсету» байқауы кезеңінде:
1 орын – Аягөз ауданының командасы;
2 орын – Курчатов қаласының командасы;
3 орын – Бесқарағай ауданының командасы.
Жалпы командалық есепте:
1 орын – Курчатов қаласының командасы
2 орын – Аягөз ауданының командасы
3 орын – Жарма ауданының командасы
Жеке есепте жеңімпаздар мен жүлдегерлер командалар дипломдармен, кубоктармен және медальдармен марапатталды.