
Облыстық «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалінің өткізетінін хабарлайды
«Абай облысының білім басқармасы»ММ «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК 2025 жылға арналған іс шаралары жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 22-23 қазан айы аралығында қашықтықтан облыстық «Жас сарбаз» әскери - патриоттық әндер фестивалінің өткізетінін хабарлайды.
📌Фестивалді өткізудің негізігі мақсаты әскери-патриоттық әндерді дәріптеу, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін жандандыру, мәдени бірегейлікті сақтау, этносаралық келісімді нығайту болып табылады.
📚Фестивалдің негізгі міндеттері:
- жас ұрпақтың бойында адамгершілікті және патриоттық рухты тәрбиелеуде орын алатын сапалы әскери - патриоттық әндердің рөлін, маңыздылығын арттыру;
- еліміздің өткен кезеңдеріндегі тарихын, оның көркемдік құралдарын насихаттау;
- дарынды авторлар мен орындаушыларды, шығармашылық ұжымдардың жарыққа шығуына қолдау көрсету, анықтау және қолдау, олардың орындаушылық шеберлінін жетілдіру;
- өскелең ұрпақтың шығармашылыққа деген ұмтылысын ынталандыру.