Логотип

Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік

«Дарын» орталығы

Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді

Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді

Дарын Орталығы

2025 жылдың 20-21 кыркүйегінде Семей қаласы Shakarim University базасында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы мен Абай облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирі өткізілді.

Мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық ұстанымды, өзінің және қоғам алдында өз іс-әрекеттері үшін жауапкершілікті қалыптастыру, елде байқалатын өзекті жағдайларды талдау және жариялы талқылау арқылы шығармашылық және сыни ойлау қабілетін дамыту.
Турнирге облыстық, қалалық (Астана, Алматы, Шымкент қ.) ойындардың 2024-2025 оқу жылындағы жеңімпаздары – жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының 180 оқушысы 60 топ қатысты.

🔰 Турнир нәтижесінде:
Қазақ лигасы:
III орын - Тәуекелұлы Бақдәулет, Дастанұлы Диас, Бердіхан Мәди Қалиханұлы - Қызылорда облысы;
II орын - Қапбас Зере, Амантай Әсел, Сұлтанбекова Дильназ - Алматы қаласы;
🏆 Жеңімпаз - Қайрат Бексейіт, Тоқтарбай Балауса, Асхатқызы Балжан - Жамбыл облысы;
🏅«Үздік спикер» номинациясы - Қайрат Бексейіт - Жамбыл облысы.

Орыс лигасы:
III орын - Жумаханова Даяна, Серяковская Амалия, Жақсылық Мирас - Ақтөбе облысы;
II орын - Бақытбекова Назерке, Қадырова Тоғжан, Толендинова Адия - Абай облысы;
🏆 Жеңімпаз - Адильбекова Камиля, Тен Кира, Лапатик Ярослав – Қостанай облысы;
🏅«Үздік спикер» номинациясы - Тен Кира – Қостанай облысы.

Ағылшын лигасы:
III орын - Әбжан Бекет, Ешмуратова Дария, Есен Мерей - Шымкент қаласы;
II орын - Қуансейт Жәдігер, Апекова Надира, Ульянова Таисая - Ұлытау облысы;
🏆 Жеңімпаз - Мұрзағазин Айсұлтан, Слям Айзат, Мұздыбай Аружан - Абай облысы;
🏅«Үздік спикер» номинациясы - Апекова Надира - Ұлытау облысы.

Қатысушылардың барлығы сертификаттармен, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы сыйлықтармен марапатталды.