2025 жылдың 18 наурыз күні «Абай облысының білім басқармасы» ММ ДҚББДОҒӘ «ДАРЫН» орталығы» КМҚК жұмыс жоспарына сәйкес Жарма ауданы, Маяковский атындағы орта мектебі КММ базасында“ОҚУШЫЛАРДЫ ПАТРИОТИЗМГЕ ТӘРБИЕЛЕУ: ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ НАСИХАТТАУ” тақырыбында ОБЛЫСТЫҚ семинар өтті.
🔹Семинарға Абай облысының қала мен аудандардың директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары және мектеп тәлімгерлері қатысты.
Абай облысы “ДАРЫН”ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері ТАГАЕВА ШЫНАР ЖАРМҰКАНҚЫЗЫ
Абай облысының мектеп парламенттерінің және тәлімгерлер жұмысына тоқталып өтті.
🔹Семинар барысында қатысушылар бағдарламаға сәйкес ТІРЕК және МАГНИТТІК мектептер ұйымдастырған әртүрлі іс-шараларға қатысып, мектеп парламентінің фракция жұмыстарымен танысып, “ҰЛЫ ДАЛА ӘУЕНДЕРІ” тақырыбында “Өнерпаз” үйірмесінің өнерін тамашалады.
🔹Семинар соңында қатысушылар ой бөлісіп, мектеп парламентінің жұмысын жаңартудың жаңа тәсілдері мен әдістерін табу туралы пікір білдірді.
