Олимпиада қатысушыларымен «активити сағат» психологиялық тренингі жүргізілді.

Тренингтің мақсаты - балалардың ой-өрісін кеңейту, өзінің және басқалардың эмоцияларын түсіну қабілетін дамыту негізінде әлемге деген сенімді қарым-қатынасты қалыптастыру, өз эмоциясын бақылау дағдыларын қалыптастыру және айналадағы адамдармен жағымды эмоционалды өзара әрекетті дамыту.

▫️Психологиялық тренингті облыстық «Дарын» орталығының педагог-психологтері Н.Д. Тлеубердиева, Э. Ж. Турмухамедова және «№16 ЖОББМ» КММ педагог-психологі Г.Ж. Торсықбаева өткізді.

🔗Тренинг жаттығулары өте қызықты және мағыналы болды. Тренинг барысында жеке және топтық психотерапия элементтері (арт-терапия, миға шабуыл, тыныс алу жаттығулары, бірлескен іс-әрекеттер, қарым-қатынас, қимыл-қозғалыс ойындары, зейін шоғылдандыру ойындары) қолданылды.
Оқушылар арасында жағымды, достық атмосфераға қол жеткізілді.