Онлайн форматта әдістемелік кеңестің отырысын өткізді
🔹Абай облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2025 жылғы 2 желтоқсанда онлайн форматта әдістемелік кеңестің отырысын өткізді.
🔹Кеңеске аудандар мен қалалардың әдістемелік кабинет меңгерушілері, мектеп оқушылары арасында өтетін ғылыми жоба жарыстары мен пәндік олимпиадаларға жауапты әдіскерлер мен мамандар, облыстық ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы директорының орынбасарлары мен әдіскерлері қатысты.
🔹Әдістемелік кеңесте:
- 2025-2026 оқу жылының І жарты жылдығында 9-11 сынып оқушылары арасында өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытындысы;
- республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы және қатысушыларды бейіндік пәндер бойынша тестілеуге дайындықтарын күшейту;
- олимпиадалық резервті қалыптастыру мәселелері қаралды.
Кеңес соңында, 10-11 сынып оқушылары арасында қоғамдық-гуманитарлық пәндер бойынша өтетін ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада қатысушыларына оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру ұсынылды.