
«ОЙ ТҰҒЫРЫ:QUIZ» облыстық зияткерлік ойыны өтті
Республика күніне орай «ОЙ ТҰҒЫРЫ:QUIZ» облыстық зияткерлік ойыны өтті.
📚Мақсаты: оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту; Республика күніне орай патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті нығайту; ел тарихы мен құндылықтарына қызығушылықты арттыру арқылы белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру.
📌Міндеттері:
- Қазақстан тарихы мен мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін тереңдету;
- Командалық жұмыс пен көшбасшылық қасиеттерді жетілдіру;
- Елжандылық пен ұлттық құндылықтарды дәріптеу;
- Заманауи форматтағы (квиз, визуал, аудио, логикалық тапсырмалар) ойындар арқылы оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
- Логикалық және сыни ойлау қабілеттерін дамыту.
Нәтижесі:
🥇- орын: «Дарынды балаларға арналған Ш.Уәлиханов атындағы «Жас Ұлан» арнайы ерлер мектеп-лицей-интернаты» КММ оқушыларының «Сарбаз» командасы;
🥈- орын: Абай ауданы білім бөлімінің «Жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушыларының «Абай ұрпақтары» командасы;
🥉- орын: Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Қожагелді батыр атындағы орта мектебі» КММ оқушыларының «Golden» командасы;
⚜️«Үздік талпыныс» номинациясы: Жаңасемей ауданы білім бөлімінің «Түрксіб жалпы орта білім беретін мектебі» КММ оқушыларының «Парасат» командасы;
«Ең креативті команда» номинациясы: Семей қаласы білім бөлімінің «№22 жалпы орта білім беретін мектеп-лицейі» КММ оқушыларының «Зиялы қазақ» командасы.