Ағымдағы жылдың 15 тамызында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Алматы облысының Қаскелен қаласындағы Сүлейман Демирель атындағы университет базасында «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары» тақырыбында республикалық педагогикалық конференцияның пленарлық отырысын өткізді.
Конференцияның мақсаты: дарынды балаларды оқыту, тәрбиелеу процесінің сапасын арттырудың перспективалық тәжірибесін дамыту, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі басым құндылықтарды анықтау.
✅ Конференцияның жұмысына арнайы белгіленген квотаға сәйкес, Абай облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың облыстық ғылыми – әдістемелік «Дарын» орталығы» КМҚК директоры, орталықтағы басшының орынбасарлары, мамандандырылған білім беру ұйымдарының директорлары, директордың орынбасарлары қатысты.