Республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі

2025 жылдың 12 наурыз күні мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беру ұйымдарының және қосымша білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі өткізіледі.
Өтетін орны: Семей қаласы, №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
📚Мақсаты мен міндеті:
философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту;
🔗Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру.
🖇️Байқау 5 бағыт бойынша өткізіледі.
1. «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы,
2. «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау,
3. «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу,
4. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар,
5. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар.