2025 жылдың 12 наурыз күні 8-11 сынып оқушылары арасында республикалық «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауының облыстық кезеңі Семей қаласының «№ 10 жалпы орта білім беретін мектебі» базасында өтті.
🔰Мақсаты:
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының туындыларындағы ел мен жерді құрметтеу, аялау, қадіріне жету идеяларын жас ұрпақ бойында сіңіру.
🔹Байкау 5 бағыт бойынша өткізілді:
1) «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы
2) «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау
3) «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» – эссе жазу
4) «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Хандар, батырлар»
5) «Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының фольклорлық мұрасы. Би-шешендер, жырау-ақындар».
Конкурстың облыстық кезеңіне Абай облысының жалпы білім беру мекемелерінен 38 оқушы қатысты.
🔰Нәтижесінде:
«Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» – ақындар мүшәйрасы бағыты бойынша:
🔹Бас жүлде – Серікболұлы Сырым-Абай ауданы, Жалпы білім беретін Қарауыл гимназиясының 10 сынып оқушысы;
І орын- Арқатқызы Нұрай- Ақсуат ауданы, Қ. Сәтпаев атындағы Жәнтікей орта мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын-Қайроллаев Абай-Абай ауданы, Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 8 сынып оқушысы;
ІІІ орын-Мухамедкәрім Нұрасыл, Үржар ауданы, Науалы орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
«Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» – ғылыми зерттеу жобасын қорғау бағыты бойынша:
І орын- Пірімқұлова Наргиз-Семей қаласы, А.Байтұрсынұлы атындағы №47 жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы;
ІІ орын-Нагифоллаева Амина-Аягөз қаласы, Қалалық қазақ мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
ІІІ орын- Кубашев Нұрәли-Үржар ауданы, Ақтанберді атындағы орта мектеп-бақшасының 11 сынып оқушысы;
ІІІ орын-Жанарбек Жадыра-Бесқарағай ауданы, Семияр орта мектебінің 9 сынып оқушысы.
